Жерсеріктік желі арқылы деректер беру қызметі
Жерсеріктік желі арқылы деректер беру қызметі
АО «Қазтелерадио» АҚ елдің барлық өңірлерінде байланыстың жоғары технологиялық қызметтерін ұсынатын, Қазақстан Республикасының қазыргі заманға сай телекоммуникациялық операторы:
1. байланыстың жерсеріктік арналары арқылы деректерді беру қызметтері;
2. деректерді берудің корпоративтік жерсеріктік желілерін құру қызметтері.
Қазіргі уақытта, Алматы, Астана, Павлодар ққ. орналасқан орталық стансалармен (HUB) басқарылатын, 300-ден астам жерсеріктік стансаларды байланыспен қамтамасыз етеді.
Деректерді беру қызметі - бұл iDirect платформасы негізінде ұйымдастырылған екі бағытты жерсеріктік қосылыс (VSAT технологиясы). Қызмет деректерді беру желісін ұйымдастыру және бөлінген жерсеріктік арналар арқылы дыбыстық трафик мәселелерін шешеді.
Деректерді беру арналары негізгі де, резервті де болуы мүмкін, яғни негізгі жер үсті арналары бұзылған жағдайда қолданылады.
Арналардың жылдамдығы 64 Кбит/с бастап 4096 Кбит/с дейін.
1-сурет. Деректерді беру қызметін ұйымдастыру сызбасы
Артықшылықтар:
Жерсеріктік байланыс,жер үсті және байланыстың басқа түрлерімен салыстырғанда бірнеше маңызды артықшылықтарға ие:
- иерархиялық және аумақтық үлестіргіш құрылымға ие кәсіпорындар немесе ұйымдар үшін деректерді берудің корпоративті желісін құру мүмкіндігі;
- обьектілерді барлық қазыргі заманға сай сервистерімен қамтамасыз ету мүмкіндігі, мысалы: деректерді беру, бейне- конференцбайланыс және бейне бақылау, электрондық пошта, файл – серверлерге қосылу.
Жерсеріктік байланыстың басқа артықшылықтары болып табылатындар:
- байланыстың жер үсті арналарына және жер үсті инфрақұрылымна тәуелді еместігі;
- ең ұзақ қашықтықта орналасқан стансалар арасындағы байланысты қамтамасыз ету және ең қиын қолжетімді орындарға байланысты ұсыну;
- арнаның бірыңғай құны (деректерді беру жылдамдығы 64 Кбит/с бастап 4096 Кбит/с дейін) обьектілердің ара қашықтығына және географиялық орналасуына тәуелді емес;
- құру және күшейту жеделдігі.
Байланыс ақпараты:
Нақты ақпаратты алу және ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін төмендегі қызметкерлермен байланысқа түсіңіз:
- Жанна Алексеевскаяға, тел. 8 (727)244-45-00 (іш.1124), e-mail: z.alexeevskaya@kazteleradio.kz; Корпоративті желілердің құрылу технологияларымен сілтеме арқылы нақтырақ таныса аласыз.
AO "Қазтелерадио контактілері"
Сенім телефоны 8(727) 244-45-00 (вн: 1247)