Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Цифрлық эфирлік телевизия қызметі

Цифрлық эфирлік телевизия қызметі

2006 жылғы маусымда ХЭБО (Халықаралық электрлік байланыс одағы) әзірлеген «Женева – 2006» келісіміне қол қойылды, құжатқа сай қатысушы елдер цифрлық телехабар таратуға толықтай көшуді және аналогты телехабар таратуды өшіруді қамтамасыз етуге міндетті. Қол қойған 101 елдің ішінде Қазақстан да бар.

Жер үсті цифрлық телевизияның стандартын анықтау үшін «Қазтелерадио» АҚ 2009-2010 жылдары Республиканың Байланыс және ақпарат министрілігінің тапсырысы бойынша жабдықтың тактикалық – техникалық сипаттамаларын анықтауға, салыстырмалы сараптаманы өткізуге және эфирлік цифрлық хабар таратудың стандартын таңдау бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін цифрлық эфирлік хабар таратудың тестілеу сынағын өткізді.

Сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің төрағалық етуімен радио жиіліктер жөніндегі ведомство аралық комиссия отырысының 2010 жылғы27 желтоқсанындағы №17-42 хаттамасына сәйкес, Қазақстанда цифрлық хабар таратуды енгізу үшін Қазақстан Республикасы аумағында MPEG-4 компрессия форматымен DVB-T2 екінші буынының жер үсті цифрлық хабар таратуының еуропалық стандарты қабылданған.

Қазақстан эфирлік хабар таратудың республикалық желілерін DVB-T2 стандартына ауыстыру жөнінде ТМД мемлекеттері ішінен алғаш болып шешім қабылдады және жүзеге асыруда.

Қазақстан Үкіметі ірі және шағын теле-,компаниялардың цифрлық эфирлік телевизияға өту шараларын жеңілдету мақсатында, таяу және алыс шет елдерде аналогы жоқ, теңдессіз шешім қабылдады: цифрлық телехабар таратуға толық өткенгедейін мемлекет аналогты хабар таратуды ұйымдастыру бойынша лицензиялары бар және цифрлық стандартқа телеарналардың трансляциясын көшіру үшін техникалық құралдары бар барлық теле-,компанияларға DVB-T2 цифрлық стандартында еркін қолжетімді арналар құрамында ақысыз трансляцияны ұсыну жөніндегі шығындарды өтеуді өз міндетіне алады.

Еркін қолжетімді телеарналар тізбесіне қосылған телекомпаниялар, телеарналар телерадио хабар тарату операторларының желілеріне телерадио хабар таратудың техникалық құралдарын қосу ережелеріне сәйкес цифрлық эфирлік хабар тарату желісіне телеарна сигналын беруді қамтамасыз етуі тиіс.

2012-2015 жылдар кезеңінде «Қазтелерадио» АҚ 356 РТС пайдалануға енгізді, оның нәтижесінде цифрлық эфирлік хабар таратумен халықтың 74% немесе 11.8 млн. адамды қамту қамтамасыз етілді.

Жалпы алғанда 2022 жылы барлық 827 цифрлық эфирлік желі РТС-тері халықты 95% қамту жоспарлы қамтамасыз етумен енгізілетін болады. Облыстық орталықтары деңгейінде және Нур-Султан, Алматы қалаларында 30 - ға жуық қазақстандық телеарналарды және аудандық және ауылдық РТС деңгейінде – 15-ке жуық телеарналарды ақысыз қабылдау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Цифрлық хабар тарату желісінің жұмысын бақылауды «Көктөбе» телемұнарасының техникалық орталығында орналасқан Желіні басқару және мониторингтеудің бірыңғай орталығы қамтамасыз етеді. Резервті орталық Нур-Султан қаласында орналасқан. Цифрлық эфирлік желілердің радиотелевизиялық стансаларының (әрі қарай - РТС) барлық жүйелерінің жұмысы туралы деректерді беру үшін Hughes технологиясы бойынша жерсеріктік стансалардың желісі қолданылады.

Ескірген аналогты сигналды сөндіру үдерісі нақты алынған аймақтың дайындығына байланысты және халықты алдын ала хабардар етумен ҚР Үкіметінің шешімі негізінде кезең-кезеңмен өтетін болады.

Цифрлық эфирлік телевизия туралы нақты ақпаратпен www.tsetv.kz сайтында танысуыңызға болады.

Байланыс ақпараты:
Мекенжайы: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 118. «Қазтелерадио» АҚ.
E-mail: kazteleradio@ kazteleradio.kz.
Тел. +7 (727) 2 444 500 (қос.1020, 1040)